Пржевальский жылқылары әкелінді

1 637

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіҚазақстанға жаңа керқұландар тобы әкелінді. Бұл — “Жабайы жылқылардың оралуы” жобасы аясындағы екінші халықаралық тасымал, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңа керқұландар тобы Прага зоопаркі мен мажар Hortobágy ұлттық паркінен әкелінді. 2 маусым күні төрт жылқыдан тиелген екі әскери ұшақ Чехия мен Мажарстан елдерінен ұшып шықты. Жануарлар бір тәуліктей алыс жол асырды. 3 маусым күні таң ата екі ұшақ Арқалық әуежайына келіп қонып, жануарлар «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы жабайы тұяқтыларды реинтродукциялау орталығына тағы 5 сағат жол жүрді. Олар осындағы кең қашаларда бір жыл ұсталады да, кейін жабайы табиғатқа жіберіледі. Орталықта жылқыларды жайғастыратын қажетті инфрақұрылым мен күтіп қарайтын мамандар бар. 

2029 жылға дейін Торғай даласына жануарлардың одан әрі көбейіп, тұрақты популяция түзуіне жетерліктей 40–45 бас жылқы әкелу жоспарда. Қостанай облысының оңтүстігіндегі «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты жайылым жері жақсы, суы бар болғандықтан жерсіндіру орны боп таңдалды. Жабайы табиғатқа жібергеннен кейін жылқылардың қауіпсіздігін мемлекеттік инспекторлар қамтамасыз етеді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.