Атырауға шұғыл қонған Boeing 767 ұшағы

268
Air Astana ұшағы Нұр-Сұлтаннан Стамбулға бағыт алып, шұғыл Атырау қаласына  қонған ұшаққа қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әуекомпаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан - Стамбул бағыты бойынша KC917 рейсін орындаған Boeing 767 ұшағы астана уақытымен 19.11-де ұшқан. "Техникалық себеппен ұшақ командирі Атырауға қону туралы шешім қабылдаған. Қону қалыпты режимде Нұр-Сұлтан уақытымен 22.20-да болды. Қазіргі уақытта ұшақ тексеріліп жатыр. Жолаушылар қонақ үйге орналастырылды. Бүгін жергілікті уақытпен 14.00-де Airbus A321 резервтік бортымен Стамбулға ұшу жоспарлануда", - деп хабарлады Air Astana Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтаннан Түркияның Стамбул қаласына ұшып шыққан Boeing 767 әуе кемесі Атырау әуежайына шұғыл қонғанын жазған едік.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.