СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ЕРКІН САТЫЛУДА

1 206

Сырдария ауданыСырдария ауданында сұйытылған газ еркін сатылуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев сұйытылған газға байланысты операторлардан сатылым лимитін алып тастауды талап етіп, газ тапшылығын қолдан жасауға тыйым салған болатын. Осы ретте, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, арнайы жұмысшы топпен аудан көлеміндегі сұйытылған газ операторларына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг жұмыстары барысында барлық оператордың газ қорына зерделеу жүргізіліп, сатылылым лимитін алып тастау жөнінде түсіндіріліп, ескертілді. 

Бүгінгі таңда аудан бойынша 10 газ құю операторы жұмыс істеуде. Аймақ басшысының тапсырмасынан соң аудандағы барлық операторлар шектеулерді алып тастап, сұйытылған газ еркін сатылуда.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.