8-сынып оқушысын өлтірген үш оқушы сотталды

1 439

Фото: freepik.comЖамбыл облысының соты үш кәмелетке толмаған оқушыға үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кәмелетке толмаған сотталушылар адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы, Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектептің әжетханасында 8-ші сынып оқушыларын жинап, бағыну мен нұсқауларын орындауды талап етіп, олардың кеуде тұсынан жұдырықпен ұрған. 

Кеудесінің сол жақ бөлігінен алған соққылардың салдарынан кәмелетке толмаған оқиға орнында қайтыс болған.

Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып,  екі кәмелетке толмаған балаға 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үшінші жасөспірім 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Мемлекет кірісіне сот сараптамаларына жұмсалған процестік шығындар,  жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем, сондай-ақ  жәбірленуші тараптың пайдасына сотталғандар заңды өкілдерінен 6 млн. теңге, 5 млн теңге моральдық зиян өндірілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.