Балалар үйінің басшысы мен есепшісі бірігіп 6 млн теңгені қолды қылған

204

Абай облысы Үржар ауданындағы Науалы балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңгені жымқырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ведомство мәліметінше балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы төлеп, жоғары сыйлықақылар мен іссапар шығындарын алып келген. Ақша жымқыру дерегі штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталып отыр. 


“Сонымен қатар "Өлі жандар"деп аталатын жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленді. Балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке залал келтірілді. Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары (Қызмет бабын пайдалана отырып сеніп тапсырған бөтеннің мүлкін иемдену және талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Істі сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды”, – делінген ақпаратта. 


Бұл бапқа сәйкес белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.