Бас штаб комиссиясы Қызылорда гарнизонындағы бақылау тексерісін бақылады

313
Қазақстан Қарулы күштерінде бақылау тексерісі Мемлекет басшысының әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жаңа пішінде өтуде,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 
Қарулы күштер Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы генерал-майор Дәулет Оспанов Қызылорда гарнизонында жұмыс сапарымен болып, «Тереңөзек» оқу-жаттығу полигонында әскерлерінің бақылау тексерісін тапсыру барысын тексерді.


Бақылау тексерісі әрбір әскери бөлімнің жауынгерлік қабілетін жан-жақты бағалауға, оның ішінде бөлімшелерді ұзақ қашықтыққа жеткізу дайындығын, командирлердің басшылық ету және өз бетінше шешім қабылдаудағы іскерлігін жан-жақты бағалауға, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудегі машығын бағалауға мүмкіндік береді, – деді генерал-майор Дәулет Оспанов.


Әскерлердің арнайы операциялар кезінде заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес жүргізуде басқа күштік құрылымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру қабілетін тексеруге баса назар аударылды.
 
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант Мұхит Қонаров 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.