"Аманат" партиясының филиал басшысы сиырлармен қоса адамдарды көлігімен қағып кетті

750

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы бойынша “Amanat” партиясы филиалының төрағасы Анара Бозаева көлігімен жасөспірімдер мен сиырларды қағып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



"Жол-көлік апаты 2 шілдеде Тасшоқы ауылының маңындағы Ботақара – Доскей автожолында орын алды. Nissan көлігін 33 жастағы әйел, аудандық мәслихаттың қызметкері (Бұқар Жырау- автор) басқарған", – деп хабарлады аймақ полицейлері дүйсенбіде.


Әйел жолдан өтіп бара жатқан сиыр табынына соғылғаннан кейін, көлік руліне ие бола алмай, мотоциклмен келе жатқан сегіз және 16 жастағы екі жасөспірімді қағып кеткен. 


Жасөспірімдер әртүрлі ауырлықтағы жарақатпен ауруханаға жеткізілген. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.