Әкімдік балабақша тәрбиешісіне жоқ үйдің кілтін салтанатты түрде табыстаған

1 364

Фото: istockphoto.comЖетісу облысындағы Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов балабақша тәрбиешісі Галина Деминаға жоқ үйдің кілтін салтанатты түрде табыс еткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Республика күніне аудан әкімі 8,7 миллион теңгеге сатып алынған үйдің кілтін тапсырған кезде әйелдің қуанышында шек болмаған.

Бірақ оның қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі кілт тек кәдесый ретінде берілгені белгілі болды. Себебі үй жоқ болып шықты.


"Мерекелік іс-шарада маған кілт табысталды. Көзіме жас алып, оларға алғыс айта бастадым. Бақыттан тұрғандардың бәрін сүйуге дайын болдым. Бірақ мерекеден кейін маған үйдің жоқ екенін айтты. Әкімдік бастапқыда айтылғандай 8,7 миллион теңгеге емес, 3,8 миллион теңгеге тұрғын үй табуды ұсынды. Бүкіл ауылды араладым, бірақ мұндай ақшаға ештеңе таппадым", — деді Галина.

Қазір Галина апаттық үйде тұрып жатыр. 

Алайда кейін әйел "Қирандыға айналған үйде тұрып жатырмын" деген әйел, енді мәселе шешілгенін айтып отыр. Сөзінше оны видеоға біреулер өзінің рұқсатынсыз түсіріп алған. Әйел жұма күні жаңа үйіне көшетінін де жеткізді.