Қызылордалықтар мемлекет тарапынан берілетін ыстық тамақтың сапасы мен жеткізілу қызметіне наразы
1 443
Әлеуметтік желіде мұқтаж отбасыларына берілетін ыстық тамақ мәселесі тұтынушылардың наразылығын тудырып отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы мемлекеттік сатып алу порталының жеңімпазы "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығы" қоғамдық қоры күніне 225 адамды ыстық тағаммен қамтамасыз ету үшін 45 миллион теңгені иемденгендігі баршаға мәлім. Алайда, аталған қордың қызметін тұтынып жүрген осал топтар наразылық білдіруде. Солардың бірі Кирсанованың видеосы желіге кеңінен тарап отыр. Осы орайда,
Видеодан тамақтың салқындығы мен сапасын ішінде жейтін етте май да жоқ деген әжейді аңғаруға болады. Биылғы жылдың тәртібі бойынша, өз-өзіне қызмет ете алмайтын жандарға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау үшін ыстық тамақ ұйымдастырылады.
Ал, "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығы" қоғамдық қоры басшысының айтуынша, жеңіп алған тендер бойынша ешқандай заң бұзушылық орын алмады. Мен заң аясында жұмыс жасап жатырмын деген болатын.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

Ақпараттың рас өтірігін тексеру үшін арнайы Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім меңгерушісі Сәуле Жұматоваға байланысқан болатынбыз:
«Бізге әлеуметтік тұрғыдан осал топ мүшелері күнделікті хабарласып тұрады, тамақтың сапасыздығын сөз етіп. Үстіміздегі жылдың 11 ақпаннан әлеуметтік тапсырыс шеңберінен жеңген қор болатын. Күнделікті тексеру жүргізе алмаймыз. Бізде бәрі заң бойынша, негізінде түске дейін жеткізілуі тиіс. Наразылық білдірген кісілер ауызша айтады. Алайда ауызша емес бәрі бірдей жазбаша болуы тиіс. Қызмет көрсеткен уақыттан бері 3 мәрте ескертілу берілген. Оның ішінде термо ыдыстардың жеткіліксіздігі мен ыстық тағамның уақытылы жетіспеушілігіне байланысты. Бір күнде 225 адам қамтылуы тиіс. Ал наразылық білдірушілер уақытылы жеткізілмейтіндігін сөз етіп отыр. Оның үстіне берілетін астың сапасыздығын айтып, бас тартып жатқандар да бар»,-дейді бөлім басшысы.
«Бізге әлеуметтік тұрғыдан осал топ мүшелері күнделікті хабарласып тұрады, тамақтың сапасыздығын сөз етіп. Үстіміздегі жылдың 11 ақпаннан әлеуметтік тапсырыс шеңберінен жеңген қор болатын. Күнделікті тексеру жүргізе алмаймыз. Бізде бәрі заң бойынша, негізінде түске дейін жеткізілуі тиіс. Наразылық білдірген кісілер ауызша айтады. Алайда ауызша емес бәрі бірдей жазбаша болуы тиіс. Қызмет көрсеткен уақыттан бері 3 мәрте ескертілу берілген. Оның ішінде термо ыдыстардың жеткіліксіздігі мен ыстық тағамның уақытылы жетіспеушілігіне байланысты. Бір күнде 225 адам қамтылуы тиіс. Ал наразылық білдірушілер уақытылы жеткізілмейтіндігін сөз етіп отыр. Оның үстіне берілетін астың сапасыздығын айтып, бас тартып жатқандар да бар»,-дейді бөлім басшысы.
Ал, "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығы" қоғамдық қоры басшысының айтуынша, жеңіп алған тендер бойынша ешқандай заң бұзушылық орын алмады. Мен заң аясында жұмыс жасап жатырмын деген болатын.
«Тамақ беру мәселесіне келсек бұрын осы жобаны алған конкуренттерім аяқтан шалып, ұтылып қалғандықтан қазіргі тұтынушыларымнан видео жинап жүр деген ақпарат келуде. Біздің қор талапқа сай жұмыс жасауда. Өтірік шағым жинап, қалалық әлеуметтік мекеменің жала жабуы алғаш рет емес. Менің тұтынушыларымның ішінен іріткі салып отырған жандар 15-20 адам болар. Алайда қалған жандар менің ұсынған тамақтарыма арыз-шағым білдірген емес.Бізге қарсы арыз жинау фактісі бойынша түскен ақпарат түскеннен бастап, тамақтың ашымағандығы мен көңілі толатындығынын растайтын тізімге қол қойдырылып жатыр»,-деді "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығы" қоғамдық қоры басшысы Адил Аликулов.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ