БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 9 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
216
Биыл 4 350 орынға арналған 9 білім ұясы пайдалануға беріледі. Аталмыш мектептердің екеуі апаттық жағдайдағы мектептер орнына ашылады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихат депутаттары алдында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінде мәлімдеді.
Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихат депутаттары алдында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінде мәлімдеді.
Жаңадан ашылатын мектептердің алтауы мемлекет қаржысына, ал қалған үшеуі жеке инвесторлар есебінен салынады. Облыста пайдалану мерзімі 30 жылдан асқан 6 мектепке күрделі жөндеу, 13 білім беру нысаны қазандықтарын газға ауыстыру және 2 мектептің бу қазандығын ғимараттан шығару жұмыстары жүргізіледі.
Сапалы оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 8 негізгі мектептер орта мектептерге ауыстырылуда, яғни 10-11 сыныптар ашылуда.
Естеріңізге сала кетсек, Қызылорда облысында салынғанына небәрі алты жыл болған мектептердің бірі жарамсыз болып қалған еді.