Аттестациядан өте алмаған мұғалім жұмыстан шығарыла ма?

669
Елімізде жаңа ереже бойынша аттестациядан өтпеген мұғалімдер жұмыстан шығарылмайды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шолпан Каринова мәлімдеді.

Аттестация ережесі бойынша, педагогикалық шеберлікттің төрт санаты – модератор, сарапшы, зерттеуші немесе шебер бойынша тестілеуден өтіп, эссе жазу керек. Педагог төрт санаттың біреуін растаса, соған қарай қызметтік жалақысына 30-50 пайыздық үстемеақы алады. Каринованың айтуынша, аттестация педагогтерді жұмыстан шығару процедурасы емес, бұл – олардың ынталандыру механизмі.

Аттестация педагогтердің біліктілігін және жалақысын көтеру мақсатында өткізіліп тұрады. Жаңа ережеге сәйкес, педагог қызметтік жалақысына 30-50 пайыздық үстемеақы алады. Қазіргі аттестацияны 2018 жылғымен салыстырсақ, дәл осы үстемеақылар жағынан үлкен айырмашылық бар, – дейді Оқу-ағарту вице-министрі.


Осы орайда Каринова нақты мысалды да келтірді. Мысалы, педагогтің жалақысы 100 мың теңге болса, аттестациядан кейін тағы 50 мың теңгелік үстемеақы алу мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен балабақшада, мектепте, колледжде және басқа да білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді аттестациядан өткізу туралы ережеге өзгеріс енгізген болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.