Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы ірі көлемде пара алған

252
Қорғаныс министрлігіне қарасты бөлімше басшысы ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ол қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының міндетін атқарған. Осы уақытта маман бейнеконференция байланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллар көлемінде пара алған.


Күдікті Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.