Мәжіліс отырысында соңғы қоңырау күнін басқа күнге ауыстыру ұсынылды
217
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай соңғы қоңырауды 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың сөзінше, осы күні алаш арыстарының рухына жасап жүрген құрмет олардың ескерткіштері мен мемориалдық орындарына гүл шоғын қою, сол жерлерде бірер парақ сөз оқудан аспай тұр.
Депутат мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға, не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек екенін айтты.
Оның сөзінше, жалпы халықтық үнсіз еске алу минуты шарасы дәстүрлі өтуі керек. Сол сәтте ел бойынша бүкіл қозғалыс тоқтап, бір минуттық үнсіздік арқылы саяси қуғын-сүргін құрбандары мен ашаршылық құрбандарын еске алу қажет. Телеарналарда әзіл-қалжың, шоу бағдарламалар, эстрадалық концерттер тоқтатылып, оның орнына ел тарихындағы қасіретті күндерді жас ұрпақтың жетік түсінуіне жол ашатын мазмұнды бағдарламалар көрсетілуге тиіс.
Зұлматты жылдар қасіретін жадымызда сақтап, сабақ алу үшін 31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Өкініштісі сол, тоталитарлық жүйенің қанды қасабына іліккен миллиондаған жандардың қасіретті тағдырына ойлана қарап, аяулы есімдерін ардақтай еске алып, шын көңілімізбен лайықты құрмет көрсете алмай келеміз, – деді Аманжол Әлтаев.
Депутаттың сөзінше, осы күні алаш арыстарының рухына жасап жүрген құрмет олардың ескерткіштері мен мемориалдық орындарына гүл шоғын қою, сол жерлерде бірер парақ сөз оқудан аспай тұр.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12-тамыздағы № 363 бұйрығына сәйкес, орта білім беретін мектептердегі соңғы қоңырау 36 оқу аптасының соңы 31 мамыр болып бекітіліп отыр. Бұл шешімнің бейіт басында той жасағандай әсер етіп тұрғанын айтпасақ болмайды. Аталған министрлікте осыны уақытында аңғарып, дер кезінде бұл бұйрықта оңтайлы шешім ұсынуға түсінігі жететін бір адамның табылмағаны ма шынымен?! – деді Аманжол Әлтаев.
Депутат мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға, не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек екенін айтты.
Ең болмаса, 31 мамыр күні әлеуметтік желілердегі елдің бірлігін бүлдіретін, қоғамның діңгегін шірітетін адамдардың бір-бірін қаралау, ғайбаттау, жала жабу, өсектеу, қарғау секілді теріс әдеттерден тиылуға шақырамын. 31 мамыр – ғайбаттаудың арты – күнә, жаланың арты – жамандық, өсектің арты – өкініш, қарғыстың арты – қасірет, бөлінудің арты бүліну екендігін сезінетін күн. 31 мамыр – азаттық үшін арпалысып өткен, мемлекет құру жолында мерт болған, ұлт үшін атылған, ұрпақ бақыты үшін азап шеккен асыл бабалар алдындағы парызымызды сезінетін, алаш аманатына адал болуға құлшынатын күн. Сонымен бірге, ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгіленген 31 мамырға байланысты Үкімет осы күннің мән-маңызына, салмағына лайықты шараларды іске асыруға тиіс деп есептеймін, – деді депутат Мәжіліс отырысында.
Оның сөзінше, жалпы халықтық үнсіз еске алу минуты шарасы дәстүрлі өтуі керек. Сол сәтте ел бойынша бүкіл қозғалыс тоқтап, бір минуттық үнсіздік арқылы саяси қуғын-сүргін құрбандары мен ашаршылық құрбандарын еске алу қажет. Телеарналарда әзіл-қалжың, шоу бағдарламалар, эстрадалық концерттер тоқтатылып, оның орнына ел тарихындағы қасіретті күндерді жас ұрпақтың жетік түсінуіне жол ашатын мазмұнды бағдарламалар көрсетілуге тиіс.
Ақпараттық құралдарда атаулы күннің тарихи салмағын, тағылымдық мағынасын жан-жақты жеткізетін мақалалар орын алу керек. 31 мамыр күні әр ата-ана отбасындағы тәлімді әңгімесін, ұстаз сабағын, дін өкілдері уағызын, министрлер мен әкімдіктер, мемлекттік мекемелер мен жеке секторлар сол күнгі жиналысын, жұмыс күнінің басын ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске еске алумен бастауы тиіс. Мектептердегі соңғы қоңырау күнін 31 мамырдан басқа күнге ауыстыру керек. Балабақшалар мен мектептерде, жоғарғы оқу орындарында балалар мен жастарға арнаулы дәрістер, пікірлесу сағаттары, зиялы қауым және тарихшылармен кездесу кештері өткізуді жолға қою қажет, – деді Аманжол Әлтай депутаттық сауалында.