9 жасар қызды асырап алғандар оны мектепке жібермей қойған
Көкшетауда арнайы тексеріс кезінде 9 жастағы асырап алынған қыздың ұзақ уақыт мектепке бармағаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазір науқас деп танылған 9 жастағы қыз көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Ал қамқоршы өз міндеттерін орындаудан шеттетілді.
Прокуратура органдары Білім бөлімімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаға психологиялық, материалдық және өзге де көмек көрсету бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Қаз
Рус






