9 жасар қызды асырап алғандар оны мектепке жібермей қойған

1 574

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

canva.comКөкшетауда арнайы тексеріс кезінде 9 жастағы асырап алынған қыздың ұзақ уақыт мектепке бармағаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Көкшетау қаласының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуына тексеру жүргізді. Осы тексеру қорытындысы бойынша қорғаншылықтағы 9 жастағы қыздың ұзақ уақыт бойы сабаққа қатыспағаны және қажетті медициналық көмек алмағаны анықталды", – делінген хабарламада.


Қазір науқас деп танылған 9 жастағы қыз көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Ал қамқоршы өз міндеттерін орындаудан шеттетілді.


Прокуратура органдары Білім бөлімімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаға психологиялық, материалдық және өзге де көмек көрсету бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.