Тағы қай елде мобилизация жариялануы мүмкін?
196

Министр бірақ дәл қазір Молдова мұндай сценарийге көшпейтінін айтты.
«Мұндай сценарийге көшу үшін ең алдымен Украинадағы майданда біршама түбегейлі өзгерістер болуы керек. Бұл дегеніміз соғыс іс-қимылы Молдова республикасының шекарасына өте жақын болады», - деді ол.
Министр Молдова билігі Украинадан босқындар ағыны көбейген жағдайда да мұндай шешім қабылдауы мүмкін екенін айтты.
Бұған дейін Молдова президенті Майя Санду Молдованың егемендігіне Ресей Федерациясы тарапынан қауіп төнген жағдайда Кишинев қорғаныс шараларын қабылдайтынын айтқан.Сонымен қатар, Ресей зымырандары Молдованың әуе кеңістігіне ұшып өткен еді.