Батыс Қазақстанда шаңды дауыл көтерілді

425
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында шаңды дауыл көтерілді - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі.

"Бейнеу ауданы бойынша ауа райы күрт нашарлап, шаңды дауыл болуына байланысты түстен кейінгі ауысымда оқитын мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматына ауысты", - делінген хабарламада.

Әкімдік ата-аналардан дауыл кезінде мектеп оқушыларының үйден шықпауын қадағалауды сұрады.

"Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан аумағынан өтетін республикалық маңыздағы автожолдарда аудандық полиция бөлімінің экипаждары күшейтілген жұмыс режиміне кірісті", - деп хабарландыруын аяқтады әкімдікте.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.