Шымкент қаласының әкімінен тұрғын жылап тұрып баспана сұрады
12 наурызда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында тұрғындардың бірі шаһар басшысынан жылап тұрып үй сұрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қала басшысы тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Жиын барысында әкімнен 20 жылдан бері баспанасыз жүрген ер адам жылап тұрып баспана сұрады.
Тұрғынның өтінішін қала әкімі үнсіз тыңдады. Әкімдік мәліметінше, барлық азамат үйді заң бойынша тек кезекпен ала алады.
Қаз
Рус






