Балабақшада бүлдіршін кәріз құдығына құлап кеткен

1 546

Фото: remontik.orgБалабақшада бүлдіршін кәріз құдығына құлап, көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 10 шілдеде Атырау қаласының маңындағы Құрсай ауылында болған. Күндізгі сағат 11:00 шамасында "Чебурашка" жеке балабақшасында 4 жасар бала кәріз құдығына құлап кеткен. Оқиға орнына құтқару қызметі мен полиция шақыртылған.


Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған оқиғаға байланысты кешенді тергеу жүргізіледі.


"Қазір Атырау қалалық Полиция басқармасында жекеменшік балабақшада 4 жасар баланың кәріз құдығына құлап, қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.