ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ 85 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН

1 401

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігіЖалағаш ауданының 85 жылдық мерейтойы аясында «Жақұты Сырдың Жалағаш» атты гала концерт өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мерекенің алғашқы сөзін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Зебешов Ардақ Темірханұлы сөйлеп, аудан халқына облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.

Сондай ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан азаматтарға Қызылорда облысының Құрмет Грамотасы және облыс әкімінің Алғысы табысталады.

Сонымен қатар, аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, туған жердің ғасырға жуық тарихында үлгілі жол қалыптастырған барша ағайынға алғысын білдірді.

Гала концертте «Жалағаш ауданының құрметті азаматы» атағы беріліп, ауыл шаруашылығы өндірісінің озаттары марапатталды. Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген өндіріс озаттарына демеушілер тарапынан автокөліктер және қаржылай сыйақылар табысталды.

Жалағаш кетінің орталық алаңында өткен марапаттау салтанаты өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала концертке ұласты. Мерекелік кеш  от шашумен қортындыланды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.