"Олар бізден дәрі, спирт сұрады"

284

Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухана бұзақылардың шабуылына өз күшімен төтеп берді - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Бас дәрігер Манас Рамазанов қабырғадағы оқ тесіктерін өмірдегі ең қиын күндерді еске салатын белгі болып қалды, дейді. 
“Ал автоматтан қалған оқ – қорқынышты жәдігер. Ол терезені сындырып, реанимация палатасының қабырғасында тұрып қалған. Бұл бөлмеде науқастар болға, олар эвакуацияланды. Қалада тәртіпсіздіктер басталған кезде медициналық емес қызметкерлер мен пациенттердің бір бөлігі үйлеріне жіберілді. Бірақ 200-ге жуық медицина қызметкері мен 300-ге жуық науқас ауруханада қалды. Олар 5 қаңтарда тұтқында қалып қойған.
Осылайша, олар қоршауда үш күнге жуық уақыт өткізуге мәжбүр болған.
Алматы қаласының №7 ҚКА бас дәрігері Манас Рамазанов қызметкерлер арасында дүрбелең болмағанын атап өтті. Алайда әйелдер арасында қорқыныш болғаны рас, дейді ол. 
Осы күндері қызметкерлер жұмысын тоқтатқан жоқ. Ғимаратқа сырттан оқ атты.  Медициналық мекеменің айналасындағы үш көшені қарулы адамдар торуылдаған. 
“Біз осы үш күн бойы жұмыста болдық, жұмысқа келіп, осында қалып қойған бригада болды. Түнде, тіпті күндіз де автоматтың дыбысын естідік. Осы уақыт ішінде аурухана күзеті бізді қорғады. Мылтығы бар адамдар бірнеше рет ішке кіруге тырысты, есіктер мен терезелерді қиратты. Олар дәрі, спирт сұрады. Қауіп тек сегізінші қаңтарда ғана сейіле бастады”, – Қамбар Байжігітов, №7 ҚКА бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары.
Қазір аурухана бұрынғы режимде жұмыс істеуде.
Айта кетейік, Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде жедел жәрдемнің бес қызметкері зардап шекті, екі жедел жәрдем көлігі қирады.