48 жастағы әйел 13-ші сәбиін дүниеге әкелді

1 518

Фото:© facebook.com/okb.krgТеміртау қаласының тұрғыны облыстық клиникалық ауруханадағы №1 перинаталдық орталықта 13-баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.

Орталық клиникалық аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпбалалы ана 2 наурызда ұлды болған. Жаңа туған нәрестенің салмағы – 3650 грамм, бойы – 54 сантиметр. Босану табиғи жолмен және ешқандай асқынусыз өткен. Бұл сәби – 48 жастағы көпбалалы ананың тоғызыншы ұлы. Ал отбасының тұңғышы 25 жаста. Әйелдің айтуынша, өзі де көпбалалы отбасында өскендіктен, әулеттің үлкен болуы оған таңсық емес.


"Мен көпбалалы отбасында дүниеге келдім, сондықтан бұл мен үшін таңсық дүние емес. Жолдасым жалғыз бала болып өскен, алайда уақыт өте келе үлкен отбасыға үйренді. Сәбиіміздің дүниеге келгеніне ерекше қуанып отырмыз", аман-есен дүниеге келуіне көмектескен дәрігерлерге алғыс білдіремін", - деді ол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.