Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев пара алды деген күдікпен ұсталды

2 530

Фото: Видеодан скринҰлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевті пара алды деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет Сәтжан Аблалиевті сот санкциясымен қамауға алды.

“Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.Еске салайық, бұған дейін БАҚ көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ұсталғанын жарыса жазған еді.

Сатжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ көлік және коммуникация университетін тәмамдаған.

Ол 2023 жылдың қазан айынан бастап көлік вице-министрі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.