Проблеманы шеше алмай тұрмыз – Мусин алимент төлеудегі қиындықты айтты
304
Әділет министрі Қанат Мусин күні бүгінге дейін Қазақстанда борышкерге ескерту хабарламаларын жеткізу проблемасы шешілмей тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет сағатында Қанат Мусин ақпараттық жүйеде қазіргі уақытта СМС-хабарлама арқылы борышкерге хабар берілетінін айтады. Борышкер істің қозғалғандығы және қабылданған шешім туралы мәліметті eGov.kz порталының мобильді азаматтар базасында тіркелген өзінің мобильді нөміріне алады. Алайда хабарлама әрдайым адресатқа жете бермейді, нөмір жойылған немесе басқа адамға тіркелген болып шығады.
Осы мәселені депутаттар да көтерді. Министр бұл мәселе шынында да өзекті екенін айтты. Себебі борышкер мәселен, бір қалада ажырасқанымен, екінші қалаға көшіп кетіп, осының салдарынан қиындық туындауы мүмкін.
Министр мәселені реттеу үшін серверде 16 жасқа толған әрбір азаматқа ЖСН-ге байланған пошта жәшігін беру керек деп есептейді. Сондай-ақ электронды цифрлық қолтаңба беріледі, оны алған кезде жеке куәлікке байлауға болады. Барлық мемлекеттік органдар өз хабарламаларын көрсетілген пошталық мекен-жайға жолдайтын болады.

“Сотқа шақыру қағазы, әкімшілік айыппұл туралы хабарлама, нотариустың жазбасының пошта арқылы жолдануы әрдайым тиімді бола бермейді. Бұл құқықтық проблемаларды туғызады, азаматтар наразылығының себебі болады және шығынға ие. Хабарламаны бір тапсырыс хат арқылы жіберу үшін шамамен 400 теңге жұмсалады. Мұндай хаттарды жолдауға қыруар қаражат жұмсалады, оларды басқа да әлеуметтік маңызды мақсаттарға бағыттауға болар еді”, - дейді ол.
Осы мәселені депутаттар да көтерді. Министр бұл мәселе шынында да өзекті екенін айтты. Себебі борышкер мәселен, бір қалада ажырасқанымен, екінші қалаға көшіп кетіп, осының салдарынан қиындық туындауы мүмкін.
“Ескерту берудің дұрыс жолы жоқ. Мысалы нотариус борышкер бұрын Алматыда болса, кейін өзі Астанаға көшіп кетуі мүмкін. Алматыдағы нотариус жазуын шығарады да СМС немесе басқа жолмен борышкерге жеткізе алмай қалады. Ал нотариалдақ жазу сот орындаушының өндірісіне барады. Бір жағынан проблеманы шешкенімен, бір жағынан шеше алмай тұрмыз. Сондықтан Ұлттық хабарламалар жүйесін бізге тез жолға қоюмыз керек”, - дейді ол.
Министр мәселені реттеу үшін серверде 16 жасқа толған әрбір азаматқа ЖСН-ге байланған пошта жәшігін беру керек деп есептейді. Сондай-ақ электронды цифрлық қолтаңба беріледі, оны алған кезде жеке куәлікке байлауға болады. Барлық мемлекеттік органдар өз хабарламаларын көрсетілген пошталық мекен-жайға жолдайтын болады.
“Бұл азаматтарға уақытылы хабарлау проблемасын толығымен шешеді”, - дейді ол.