Білім бөлімінің басшысы 18 млн теңге пара алу кезінде ұсталды

1 927

Фото: Әбілқасым ЕсентаевШалқар ауданы Білім бөлімінің басшысы пара алу бойынша ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар ауданындағы білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Ол аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан жалпы сомасы 18,5 млн теңге пара алды деп күдіктелуде.


Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды.


Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.