Көзіне блефаропластикалық ота жасатқан әйел қабағымен қоса кірпіктерінен айырылып қалған
Ақтөбе қалалық сотына арыз жазған келіншек көзіне блефаропластика жасатқан соң бір қабағы қисайып, кірпігінен айырылғанын айтқан. Ең бастысы, дәрігер операцияны аурухана немесе клиникада емес, өзінің жалдап тұрып жатқан үйінде жасаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Instagram әлеуметтік желісінде блефаропластика қызметі туралы жарнаманы көрген талап қоюшы 2023 жылдың 4 тамызында жауапкердің жалдамалы пәтерінде ота жасатқан.
Жоғарғы соттың дерегінше, операциядан кейін бір апта өткен соң талап қоюшы көздің ассиметриясын байқап, жауапкерге қайта хабарласып, 15 тамызда екінші рет ота жасатады. Екінші ота кезінде жауапкер оң көзі қабағаның терісін тым терең кескен және терісімен бірге төменгі кірпіктерді кесіп тастағандықтан, талап қоюшыдан қан кетуі тоқтамаған.
Сонымен қатар сот жауапкер жараны лазермен күйдіріп, қан кетуді тоқтатып, қан кеткен жерді тігіп тастағанын мәлімдеді. Талап қоюшы конъюнктивит, ауырсыну және жас ағу салдарынан офтальмологтар мен пластикалық хирургтарға жүгінуге мәжбүр болған.
Қазір қабақтың толық жабылмауына, көздің және қабақтың үнемі ісуіне байланысты сыртқы түрі өзгерген. Талап қоюшы жұмысты тастап, сәтсіз жасалған отадан кейін емдеу және оңалту шығындарын көтеруге мәжбүр болған.
Сот істі қарау кезінде жауапкердің ауруханада фельдшер болып жұмыс істейтінін, оның пластикалық хирургия бойынша лицензиясы жоқ болып шыққан. Тек сертификаты бар екенін анықтады.