Қызылордалық келіншек ота жасаған хирург пен аурухананы сотқа берді
Қызылордалық келіншек ота жасаған хирург пен аурухананы сотқа берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласының тұрғынына маммолог дәрігер «сол жақ сүт безінің фиброаденомасы» диагнозын қойып, тұрғылықты жері бойынша дереу емделу керектігін ұсынған.Соған байланысты, әйелге жоспарлы емделуге жолдама беріліп, ол аурухананың хирургия бөлімінде ем алған. Әрі қарай хирург дәрігер әйелдің сол жақ сүт безі аймағына ота жасаған. Отадан кейін әйелдің денсаулығы нашарлап, науқас хирургтың сапасыз медициналық көмек көрсеткеніне шағымданған.
Тексеру қорытындысына сәйкес, әйелді емдеу кезінде диагностика мен емдеу клиникалық хаттамаларының сақталмағаны, хирург отаны «онколог маман» сертификатынсыз жасағаны, аурухананың мемлекеттік лицензиясында онкологиялық көмек көрсету туралы қосымшаның жоқ екендігі анықталған.
Нәтижесінде, хирург дәрігерге және аурухана заңгеріне әкімшілік айыппұлдар салынған.
Қызылорда қалалық соты талап қоюды қанағаттандырып, талап қоюшының пайдасына ауруханадан 2 000 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы шешім шығарды.
Аурухана бұл шешіммен келіспей, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағыммен жүгінген.