Бұрынғы бас сәулетші 11 жылға сотталды

1 340

Фото: istockphoto.comАлматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаланың бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахметжанов пен жер қатынастары басқармасының экс-басшысы Ардақ Самамбетовке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сот Ахмеджановты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігі, 361-бабының 1 және 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Самамбетов 10 жылға сотталды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Ахмеджанов пен Самамбетов Алматының тау бөктеріндегі аудандарында ірі тұрғын үй кешендерін салуға рұқсат берген, бұл жер учаскелерінің кадастрлық құнын айналып өтуге мүмкіндік берген. Сондай-ақ, оларға инвестициялық жобалар үшін мемлекеттен жер бөлді деген айып тағылды, кейін бұл учаскелер жеке меншікке өтіп кеткен. Айыптау тарапының мәлімдеуінше, Ахмеджанов бұл әрекеттері үшін жақын туыстарына бірнеше пәтер алған.

Мұханбетәлі Шалқарбеков — «Ақ жол» партиясының Жамбыл филиалының басшысы. Ол алаяқтыққа көмектескені үшін 5 жыл шартты жаза алды.

Ерлан Жармұханбетов — Алматының жер қатынастары бөлімінің экс-басшысы. 14 жылға сотталды. Айыптаушылардың нұсқасына сүйенсек, 2022 жылы ол «BAB Assessment» бағалаушысы Алмазхан Бакиров дайындаған жер телімінің құнын 93 млн теңгеге артық бағалап бекіткен.

Алмазхан Бакиров — жоғарыда аталған бағалаушы. Оның әрекеті 8 жылға бас бостандығынан айырумен аяқталды.

Берік Өскембаев — кәсіпкер. Жер учаскесіне қатысты алаяқтыққа көмектескені үшін 5 жыл шартты жаза тағайындалды.

Бұл істің тергеуі 2023 жылдың маусымында Алматыдағы тау бөктеріндегі құрылыстардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде басталды. Ахметжанов Антикор қызметімен ұсталғанға дейін Алматының бас сәулетші қызметінен кеткен еді.