Колумбия тұрғыны коронавирусқа қарсы жеті рет вакцина салдырған

356
Колумбияның батысындағы Кали қаласында ер адам коронавирусқа қарсы вакцинаны жеті рет салдырған. Билік өкілдері тергеу жұмысын бастап кетті.

"Жеті рет вакцина салдырған адам анықталды. Ол 60 жастан асқан. Болжам бойынша, психологиялық ауытқуы бар", - дейді Кали қаласының денсаулық сақтау министрі Миерланди Торрес.

Ол биліктің тергеу жұмысын бастағанын мәлімдеді.

Басылым дерегінше, азамат түрлі компанияның атап айтқанда Sinovac, AztraZeneca, Pfizer және Janssen вакциналарын салдырған. Дозаның көп мөлшері тұрғынның денсаулығына еш әсер етпепті.

Осы орайда қала билігі мұндай жағдайлардың алдын алу үшін электронды бланк дайындап шығарған. Сол арқылы адамдар вакцинация алдында ақпараттық келісім береді. Олар бланкіні шығарып алып, қол қоятын пунктіге әкелуге міндетті.