Қостанайда жарты миллион теңге алған полицей сотталды

182
Қостанай қаласында бірнеше адамды жарты миллион теңгеге алдап кеткен экс-полицейге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу материалдарына сәйкес, М. есімді айыпталушы 2021 жылдың қазан айы мен 2022 жылдың 31 мамыры аралығында полиция қызметкері бола тұра, 4 жәбірленушіден жалпы сомасы 441 000 теңге ақша алған.

Сол үшін жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық және теориялық емтихандарды тапсыруға көмектесуге уәде етекен. Сотта экс-полицей өз кінәсін мойындады. Процессуалдық келісімге де келді.

Прокурор оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 410 000 теңге айыппұл салуды сұраған. Сотталушы мүліктік залалды ерікті түрде өтеп берді. Моральдық және өзге де зиянды төледі. Асырауында кәмелетке толмаған баласы бар.
Бірақ қабылдаған антын бұзуы жазаны жазаны ауырлататын жәйт ретінде қарастырылды. Соттыі шешімімен мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ, 4 410 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.