Қазақстанда қосылған құн салығы 16 пайызға көтерілмек

1 430

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин елде қосылған құн салығы 12%-дан 16%-ға дейін көтеру жоспарланғанын мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


"Иә, қосылған құн салығының мөлшерлемесін көтеруге қатысты мәселе талқыланды. Біз оны көтереміз. Өйткені Салық кодексі қызметтерінің бірі – бұл қазыналық, бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру", – деді вице-министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте. 


Бүгінгі таңда аталмыш салықты өсіру мәселесі әлі талқыланып жатыр екен. 


"Егер біз мөлшерлемені 12-ден 16 пайызға көтерсек, онда бюджетке шамамен 2-2,4 трлн теңге қосымша түсім түседі. Мөлшерлемені осылай көтеру ұсынылады. Ол қазір талқыланып жатыр", – деді. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.