Автокөліктің нөміріне қосымша QR код салынады
Автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісіне оның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік беретін бірегей DMC код салынады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ке сілтеме жасап
Қазақстан стандарттау және метрология институтының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше ҚР СТ 986-2022 стандарты 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді. Онда бұрмалаудан (қолдан жасаудан) қорғау үшін нөмір белгілерінде арнайы және қосымша элементтер болуы тиістігі туралы талаптар жазылған.
"Стандарт мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғаныс элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді.
Қосымша қорғаныс элементтеріне полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірлердің түпнұсқалығын тексере алатын бірегей DMC код салу да жатқызылды.
Ведомство мәліметінше, жаңа стандарттың қолданысқа енгізілуі автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін дайындау бағасына әсер етпейді, сондай-ақ бюджеттен қосымша шығын болмайды.
Стандартты Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" РМК-сі әзірлеп, Cауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне қарасты ҚазСтандартта сараптамадан өткен.