Алматылық тұрғын қыз үшін төбелесіп,пышақ жарақатымен ауыр халде жатыр

426

Көмекке барған ер адам көптеген жарақат алып, ауруханаға түскен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Зардап шеккен жігіттің туысы азаматтың жанайқайын Instagram-пабликтердің бірінде жариялады. 

"Қазанның 7-нен 8-не қараған түні Айдарға түн ішінде таныс бойжеткен хабарласып, алып кетуін сұраған. Мекенжай бойынша жеткенде танысы жігітімен сөзге келіп қалғаны белгілі болды. Екі жігіт арасында жанжал туындап, Айдарға бірнеше жерден пышақ сұқты. Ол ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Аса ауыр хәлде жатыр. Тыныс алуы қиын, сөйлей алмайды. Мұны  видеодан көруге болады", – деді жігіттің туысы.
КТК телеарнасының хабарлауынша, қазіргі уақытта зардап шеккен жігітті кінәлі етуге тырысып жатыр. Тәртіп сақшылары куәгер жауаптарын өзгертуді талап етіп отыр. Операция жасалғанына 4 күн болған науқасты ауруханадан шығарғалы жатырған көрінеді. 

Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов пікір білдірді. 

"Бұл факт Наурызбай ауданы полиция басқармасында тіркелді. Аудандық басқарма қызметкерлері тергеу жүргізеді. Тергеу барысы бақылауға алынды", – деп жазды ол жазба астындағы пікірде.