Зейнетақы қорындағы 500 млрд теңге "Бәйтерек" холдингін қаржыландыруға бөлінбек

225
Еліміздегі жобаларды қаржыландыру үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ақша бөлу жоспарланған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланды. Дерекке сүйенсек, зейнетақы қорындағы қаржыны "Бәйтерек" ҰБХ" облигацияларына нарық талаптарымен инвестициялау жоспарланып отыр. Холдинг бұл ақшаны машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларды кредиттеуге бағыттайды.

Қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және бөлінген қаражаттың игерілуі Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде бақыланады.

Холдинг бағалы қағаздар нарығында сенімді қарыз алушы, оның орнықты қаржылық көрсеткіштері мен халықаралық рейтингтік агенттіктердің жоғары кредиттік бағалары бар.

БЖЗҚ зейнетақы активтері "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға нарық кірісі бойынша қайтарымды негізде беріледі. Жоғарыда аталған инвестициялар БЖЗҚ салымшыларына жыл сайын инвестициялық табыс әкеледі. Сондай-ақ Қазақстан экономикасының нақты секторын одан әрі дамыту мен жаңғыртуға елеулі қолдау көрсетеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.