Есірткіге толы сөмке арқалаған жас жігіт ұсталды

1 504

Фото:©polisia.kzПетропавлда полицейлер синтетикалық есірткіні тасымалдады және таратты деген күдікпен 20 жастағы ер адамды ұстады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агекнттігі.

 Оның сөмкесінен ұнтақ тәрізді зат салынған 120 бума тәркіленген. Күдіктінің айтуынша, ол бумаларды Астанадан алып, Петропавл аумағындағы жасырын орындарға орналастыруы тиіс болған. Алайда жоспарын жүзеге асырып үлгермей, полиция қызметкерлерінің қолына түскен.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 273 грамнан асатын синтетикалық α-PVP есірткісі екені анықталған. Осылайша, полицейлер бірнеше мың дозаның қала көшелеріне таралуына жол бермеді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған".


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.