Украинада "Шеркеш" руының аты жазылған әскери техника жүр
821
Украинадағы соғыста әскери техникаға қазақ руының атын жазып алғандар көпшіліктің сұрағын туғызды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Суретті әлеуметтік желіде тарады.
Украинамен Ресей Федерациясының соғысып жатқанына 44 күн болды. Кеше әлеуметтік желіде бүйіріне "Шеркеш" деген қазақ руы жазылған БМП-2 әскери техникасының суреті тарады.
Суретті көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі жазуды шеркеш руынан шыққан Ресейде тұратын этникалық қазақтар қалдыруы мүмкін десе, енді бірі РФ құрамындағы Қарашай-Шеркеш халқының өкілдері жазды деген пікір қалдырды.
Алайда бірінші нұсқа көбірек шындыққа жанасады. Себебі осыған дейін Ресейдің Астрахань, Самара облыстарында тұратын этникалық қазақтар осы соғыста қаза тапқаны туралы ақпарат тараған. Астрахань мен Самара еліміздің Батыс облыстарымен шекаралас жатыр, ал шеркеш руынан шыққандар еліміздің батысын мекендеген.