Жаңаарқада жаңа үйлер цементсіз салынып жатыр
403
Қарағанды облысында құрылысы аяқталмаған үйден дау шықты. Жаңаарқа ауданының тұрғыны құрылысқа цемент қолданылмай салынып жатқанын жұртқа жария етті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысында салынып жатқан үйдің құрылысы сынға ұшырады.
Жаңаарқа ауданында салынып жатқан үшқабатты үйдің қабырғалары сапасыз қаланып жатыр. Әлеуметтік желіде аудан тұрғыны бейнежазба жариялап, құрылыстың талапқа сай емес екенін мәлімдеді.
Бейнежазбада үшқабаттың үйдің кірпіштері лай қосылмастан бір-бірінің үстіне жинағандай етіп қаланған.

"Жаңаарқа ауданындағы Жаңанұр деген жерде үйлер салып жатыр. Үйдің төбесіне шығып сұмдыққа тап болдық. Кірпіштер бос жатыр. Үйдің қабырғасы сапасыз қаланған. Барлық кірпіш ретпен жинаулы тұр", — дейді бейнежазба авторы.
Бейнежазба желіде кеңінен талқыланып, оны аудан тұрғындарынан бастап көптеген азаматтар талқылаған.
"Мынаны салған адамның дені сау ма?", "Ертең талай адамның обалына қалады", "Құрылысты әкімдік неге тексермейді?", "Неге бұлай істеп жатыр?", "Үнемшіл кісілер екен" деген сыңайда көптеген пікір жазып қалдырған.
Аталған жағдайға қатысты әзірге Жаңаарқа ауданының әкімдігі пікір білдірген жоқ. Эксперсс К жағдайды назарда ұстап, жаңа үйлерге қатысты тағы да материал жариялайтын болады.