"Оның басқа таңдауы жоқ": Түрмедегі жазасын өтеушілердің әжетхана тазалауына заң қарсы емес
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов түрмедегі сотталушылардың әжетхана тазалауы қаншалықты заңды екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ ол сотталушының бұл талапқа бағынбауға хақы жоқ екенін еске салды.
Айта кетейік, журналист Вадим Курамшин Facebook желісінде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялаған болатын. Видеода колония қызметкері тұтқынмен әңгімелесіп, оның дәретхана тазалаудан не үшін бас тартқанын анықтап сұраған. Сотталушы дәретханадан басқа барлық үй-жайды жууға дайынмын деп жауап берген. Содан кейін формадағы офицерлер тұтқынды құлатып, офицерлердің бірі оны дубинкамен ұрып-соққан.