Жағажайда демалған қызметкерлер мен директорлар жазаланды

1 587

Фото: ©ЖИ көмегімен жасалдыБурабай аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мен бірнеше мектеп директоры жұмыс уақытында жағажайда демалып жүргені туралы видео тараған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаға қатысты тексеру жүргізген Ақмола облысының жауапты органдары бейнежазбаның 19-шы маусым күні түсірілгенін растаған.Тексеру барысында демалып жүрген үш білім бөлімі қызметкері мен үш мектеп директорының сол күні жыл сайынғы еңбек демалысында болғаны анықталған. Ал қалғандары жалақы сақталмайтын демалысқа шыққан.

«Олардың демалысы қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты болмаған және жеке бастамасымен ұйымдастырылған. Сонымен қатар видеода болды делінген аудандық білім бөлімінің басшысы, бас бухгалтері мен әдістемелік кабинет меңгерушісінің сол күні жұмыс орындарында болғаны анықталды», – делінген ресми жауапта.

Алайда тексеру қызметтік автокөліктердің жеке мақсатта пайдаланылғанын растаған. Осыған байланысты Баянбай ауылындағы мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның мектебінің теңгерімінде болған «Газель» автокөлігі пайдаланылған. Сондай-ақ өзіне бекітілген Kia Seltos көлігінің пайдаланылуына байланысты әдістемелік кабинет меңгерушісі де жауапқа тартылған. Бұдан бөлек, қызметтік көліктердің пайдаланылуын тиісті деңгейде бақыламағаны үшін Бурабай аудандық білім бөлімінің басшысына сөгіс жарияланған. 

Мемлекеттік органның мәліметінше, барлық білім беру ұйымдарының басшыларымен мемлекеттік мүлікті жеке мақсатқа пайдалануға жол берілмейтіні жөнінде қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Енді Бурабай ауданында қызметтік автокөліктердің пайдаланылуына бақылау күшейтіліп, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ішкі мониторинг шаралары енгізілмек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.