Отандық телеарна Назарбаев даңғылын ескі атауымен атады

374

Республикалық телеарна Алматыдағы Назарбаев даңғылын ескі атауымен атады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Мемлекеттік "Хабар 24" арнасының эфирінде тележүргізуші Назарбаев даңғылын ескі атауымен - Фурманов деп атады. Ақпараттық сюжет кеше қаладағы антитеррористік операция кезінде жабылған көшелер жайлы болған. Алайда орыс тіліндегі шығарылымда даңғыл қазіргі атауымен аталған. 

Айта кетейік, 2017 жылға дейін Алматыдағы бұл көше кеңестік жазушы Дмитрий Фурмановтың атында болған. Сол жылы Назарбаев даңғылы болып өзгертілді. 2019 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы президент постынан кеткеннен кейін, ел астанасының атауы Нұр-Сұлтан деп ауысты. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.