Түркістанда Құран оқудан республикалық жарыс өтеді

394
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістанда Х республикалық Құран жарысын өткізеді. Сайыс ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Байқау Түркістанда 6-7 қазанда өтеді. Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтеді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;

үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;

Құранды толық жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек.

Сондай-ақ жарысқа Қазақстан Республикасының 30 жастан аспаған азаматы қатыса алады. Үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатысады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.