Таразда пара алған шенеунік 7,5 жылға сотталды

353

Тараз қаласының №2 соты Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Ержан Шымырқұловты бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танып, оған 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жамбыл облысындағы антикордың мәліметінше, Бағлан Абдухаликов пен Ақмарал Баймұханова тобымен пара бергені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал Марат Байжанов пара бергені үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектелді.

«ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның негізінде залал келтіруге әкеп соқпаған ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін Марат Байжанов негізгі жазадан босатылды. Қылмыстылардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, өткен жылдың қараша және желтоқсан айларында Шымырқұлов Байжановтан және Абдухаликов пен Баймұхановадан салық төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындамауға ықпал еткені үшін 90 000 теңге және 1 250 000 теңге көлемінде бірнеше рет пара алған. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.