15 жасында тұрмысқа шыққан қыздың әкесі бұрынғы әйелі мен күйеуін соттауды талап етті

1 481

Фото: видеодан скриншотҚарағандыда 15 жастағы мектеп оқушысын 38 жастағы ер адамға әйелдікке беріп жібергендерге қатысты сот процессі басталды.  Қыздың әкесі өзінің бұрынғы әйелі мен оның күйеуін жазалауды талап етіп отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қызды еріксіз тұрмысқа берген ерлі-зайыпты сотқа куәгер ретінде қатысып жатыр.

“Қыздың анасы мен оның күйеуі –  күдікті. Олар қызды ересек ер адамға тұрмысқа беруді көздейтін діни ағымның өкілдері. Мұндай жағдай басқа балалардың басынан өтпеуі үшін білім бөлімі әйелді ата-ана құқығынан айыруды талап еткен. Алайда сот бұл талапты қанағаттандырмады”, – дейді қыздың әкесі.

Ол тергеуде олқылықтар бар деп санайды. Сондықтан ол Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне шағымданған.

“Олар іс бойынша куәгер ретінде ғана өтіп жатыр – бұл дұрыс емес. Өгей әкесі күдіктінің жақын достарының бірі, оларды 10 жылдан астам уақыттан бері білемін. Ол қызды үш рет зорлаған. Олар қыздың өмірін бүлдірді, бәрін жоқ қылды, ал өздері ештеңе болмағандай куәгер болып жүр. Мен олардың да жауапқа тартылуын талап етемін, – дейді ер адам.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.