Асырап алған қызын он жасынан бастап зорлаған орманшы өзін өзі атып өлтірген

1 530

Фото: pixabay.comПавлодар облысы Железин ауданында 16 жастағы қыз дәрігерлерге қаралып, кезінде оны қамқорлығына алған орманшы өзін 10 жасынан бері зорлап келе жатқанын мәлім еткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полиция күдіктіні ұстау үшін үйіне барғанда ер адам аң аулайтын мылтығымен өзін атып өлтірген.


«Кәмелетке толмаған қыз баланы зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда, қыз баланың осы факт бойынша полицияға жүгінгенін білген күдікті өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.