Қызылордада түрлі дақылдардан жиналған өнім көлемі артты
Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы құрылымдары егін-терім науқанын табысты аяқтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артты. Түрлі дақылдардан жиналған өнім көлемі жоғарылады. Осылайша диқанның ала жаздайғы бейнеті ақталды.
Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл 8298 гектарға егін егілді. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш 3856, бидай 368, қант құмайы 40, жаздық арпа 2, жаңа жоңышқа 286, ескі жоңышқа 1297, картоп 130, көкөніс 1329, бақша дақылдары 990 гектар.
Бөлім басшысының айтуынша, егін жинау жұмыстарына 20 жатка, 29 комбайн, 83 трактор, 21 трактор тіркемесі және 5 жүк көлігі қатысты. Оған қажетті 202,4 тонна дизель отыны жеткізілді. Жанар-жағармайды жеткізуге «РК Мұнай» және «Жібек жолы ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері белгіленді. Дизель отынының әр литрі 250 теңгеден сатып алынып, ауыл шаруашылығы құрылымдарының қажеттілігіне жұмсалды.
Сондай-ақ алдағы жылдың егісіне қажетті 1080 тонна күріш, 66 тонна бидай, 0,3 тонна арпа, 34 тонна жоңышқа, 8 тонна қант құмайы тұқымдары бар. Олардың барлығы жоғары репродукциялы сапалы тұқым қоры ретінде бағаланады. Биыл 2900 гектар сүдігер айдау жоспарланған еді. Қазір бұл жұмыстар жалғасын табуда.
Қызылорда қаласы мен оған қарасты елді мекендерде 24922 бас сиыр, 32751 уақ мал, 17393 жылқы, 3170 түйе және 17 мыңнан астам құс есепке алынған. Қала бойынша 1695,1 тонна ет, 2444,7 тонна сүт, 591,4 мың жұмыртқа өндірілді. Ет өндіру 4,2, сүт 0,2, жұмыртқа өндіру 0,9 пайызға көбейген.
Биыл «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 40,6 млн теңге бөлінген. Сол арқылы 110 маманның әрқайсысына 369200 теңгеден берілген. Бөлінген қаржы толығымен игерілген. Ал бюджеттік кредитке 524,2 млн (71 маман) қаралған.
Қызылорда облысында соңғы жылдары түрлі дақылдардан жиналған өнім көлемі артты. Бұл аймақта ауыл шаруашылығының дамуы айтарлықтай өскенін көрсетеді. Әсіресе, күріш өндірісі мен бақша дақылдарының өнімдері жоғары көрсеткіштерге жеткен.
Қызылорда облысы еліміздегі күріштің негізгі өндіруші аймақтарының бірі болып табылады. Күріш егістігінің өнімділігі артып, оның сапасы да жақсара түскен. Сонымен қатар, аймақта жеміс-жидек пен көкөніс дақылдарын өсіруде де өнімділік артқан. Бұл ауыл шаруашылығын дамыту мен тұрғындардың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін жақсартуға септігін тигізді.
Ауыл шаруашылығында жүзеге асырылған тың технологиялар мен заманауи егіншілік әдістері өнімділік деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, суармалы жерлердің тиімді пайдаланылуы, ауыл шаруашылығы техникасының жаңаруы мен агротехникалық шаралардың дұрыс орындалуы да нәтижеге оң ықпал етті.
Бұл үрдіс ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, жұмыс орындарын құру және аймақ экономикасын нығайту үшін маңызды болып табылады.