Қызылордада 935 миллион теңге жұмсалған балалар ойын алаңдарының сапасы сын көтермей тұр
611
Қызылордада балалар ойын алаңдарына 935 миллион теңге бөлінген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде балалар ойын алаңдары қаламыздағы әрбір мөлтек аудандарының арасынан бой көтергендігін аңғаруға болады. Алайда, осы балалар ойын алаңшаларына қанша қаражат жұмсалғандығы тұрғындар үшін жұмбақ күйінде қалып отыр. Осы орайда, әлеуметтік желілерде қала әкімшілігіне қарасты парақшалардың бірі ресми жауап берген болатын. Солардың бірі
Сонымен 2020-2021 жылдары, Қызылорда қаласындада 55 ойын алаңын салуға 935 млн теңге қаржы жұмсалғандығы белгілі болды. Ал, қала тұрғындарының бірі КБИ мөлтек ауданының тұрғыны:
Ал, қоғам белсендісі қыруар қаржыны қалай болса солай шашқан билікке наразы.
Расында ойын алаңына 935 миллион қаржыны сарп еткізіп бар жоғы 55 ойын алаңын орнату санаға қонымсыз дүние. Берілген қаржыны салынған 55 ойын алаңына бөлгенімізде 1 ойын алаңы үшін 17 миллион теңгені құрағаны қалай? Сапасы да саны да 17 миллионға татымайтын ойын алаңшалары кейбір мөлтек аудандарда тіпті қаңырап тұр.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Қала көлемінде ойын алаңдарын орналастыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. атап айтқанда, 2020 жылы жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында 525 миллион теңге қаражатқа 30 ойын алаңының құрылысы жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілсе, 2021 жылы бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, жергілікті бюджеттен бөлінген 410 миллион теңге қаражатқа 25 ойын алаңының құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілді. Ойын алаңдарының бірінші кезекте тұрғвынедарының сұранысына сәйкес қаладағы көпқабатты тұрғын-үйлердің аулаларына орналастырылды.»,- деп жауап берген болатын ішкі саясат бөлімінің мамандары.
Сонымен 2020-2021 жылдары, Қызылорда қаласындада 55 ойын алаңын салуға 935 млн теңге қаржы жұмсалғандығы белгілі болды. Ал, қала тұрғындарының бірі КБИ мөлтек ауданының тұрғыны:
«Орнатқан әткеншегі сынды, қалыпқа қайта келмейді бүгінде таяқ құсап темірлері қалды шошайып, оның үстіне балалардың сырғымақтары да ебедейсіз немерем қанша мәрте қолын қысып, бірде ауып құлаған. Ал орнатқан беседканың шатыры жел болса жалбырап тұрады. Балалардың басына тиіп кетеме деп қорқамыз»,-деді Дәмелі Бабаөмірқызы.
Ал, қоғам белсендісі қыруар қаржыны қалай болса солай шашқан билікке наразы.
«935 миллион теңгеге бірден Дисней Лэнд салуға болады ғой! Бір ойын алаңына 17 млн теңге кетті дегенге сене алар емеспін. Біріншіден ондай қаржы жұмсалатын жоспар болса, неге алдымен жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріп, өндіріс орнын ашқызып, неге өзімізден шығатындай қылмайды сол пластмасс пен темірден жасалатын өнімдерді? Мемлекет қаржысын үнемдеп жұмсалуын қадағалайтын жауапты адам барма бізде өзі? Бұл соммаға ең кемі 100 алаң салуға болатын еді, сол кездегі материал құнымен. Оны есептеп шығару үшін үлкен қаржыгер экономист болудың қажеті жоқ. Бұл ойын алаңдарына жұмсалған қаржы, біз білмейтін, бюджеттік ақша шашылып жатқан тағы да қанша жер бар?!»,- деді желі қолданушысы Сұлтан Сабит өзінің жеке парақшасында.