Зерттеушілер ядролық соғыстан аман қалатын елдерді атады

1 414

Фото: pixabay.comЖаңазеландиялық ғалымдар ядролық соғыстың салдарын зерттеп-зерделеп, қызық қорытынды шығарды, - деп хабаралайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Модельдеу нәтижелері Risk Analysis ғылыми журналында жарияланды.

Ғалымдар ядролық соғыстан соң планетаның атмосферасына 150 тераграмм күйе түсетінін есептеген. Сондай-ақ, мұның әсері бірнеше жылда ауыл шаруашылығы өндірісін 80%, ал солтүстік жарты шарда шамамен 100% қысқартуы ықтимал. 

Отаго университетінің зерттеушілері "қақтығыстар, соның ішінде азық-түлік тапшылығы мен жаппай ашаршылықтың зардабынан аман қалатын бес мемлекет әлі де болады" деп отыр. Олар – Исландия, Жаңа Зеландия, Австралия, Соломон аралдары және Вануату. Яғни, бұл тізімге көбіне арал немесе түбекті мемлекеттер енген. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.