Қоқысты дұрыс тастамаған тұрғындар қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін

962
Қоқысты арнай орындарға тастамаған тұрғындар қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған. Қазақстан Конституциясының 24-бабына сәйкес мәжбүрлі еңбекке тек қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптау туралы сот актісі негізінде ғана жол беріледі.

Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама ҚР Қылмыстық Кодексінің 43-бабы шеңберінде қоғамдық жұмыстарды қолдануды көздейді. Конституцияның 24-бабы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мәжбүрлі еңбекке тартуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, енді әкімшілік істер шеңберінде қоғамдық жұмыстарды да қолдану қажет, - делінген жарияланған құжатта.

Құжатта егер адам ұсақ бұзақылық жасаса, қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастаса, мұндай құқық бұзушыға бірнеше АЕК көлемінде айыппұл салудың орнына қоғамдық жұмыстарға тартуға болатыны айтылған.