"Үйінді астынан төрт адам іздестіріліп жатыр": тұрғын үйге лай көшкіні түскен

1 536

Фото: gov.kzАлматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан жылжыма түскен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Оқиға 8 ақпанда сағат 02.20-да орын алған.  Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған. 

"Оқиға орнына дереу Қазселденқорғаудың, Алматы қаласы 109 құтқару қызметінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Оқиға орнына келген кезде сырғыма салдарынан екі үйге зақым келгені анықталды. Оқиға орнында ТЖД басшылығы бар. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тексеру жүргізуде", - делінген хабарда. 

Жағдайды талдауға сәйкес, қардың едәуір мөлшерінің түсуіне байланысты орта таулы және биік таулы аймақтарда таулардың беткейлеріндегі қардың тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні қаупі бар екені айтылады. 

Суық сумен қамту құбырының жарылуы нәтижесінде топырақ батпақтанып, кейін көлемі 3200 текше метр жылжыма түсті. 2 жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келді, дейді құтқарушылар. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін №47 орта мектепте эвакуациялық пункт ашылды. 

Айта кетейік, лай көшкіні - тереңдігі метрге дейінгі жұқа топырақ қабатының жолағы, ауырлық күшінің әсерінен еріген жаңбырмен немесе жерасты суларымен қаныққандықтан баурайдан төмен қарай лай тәріздес күйге ауысады.

"Алматы қаласы ТЖД және Қазселденқорғау сырғыма қаупі бар учаскелерде тұрғын үйлер салуды ұсынбайды. Таудың баурайын үй салу, жолдарды кесу, жоспарлау жұмыстары үшін кесу ұсынылмайды. Ашық септиктерді, дәретханаларды және басқаларын пайдалануға тыйым салынады. Тұрғын үй алаптарының иелеріне, бау-бақша және саяжай қоғамдарының басшыларына су құбырлары мен суару құбырларының, септиктердің жағдайын үнемі қадағалап отыру ұсынылады", - деп кеңес береді мамандар.