ОБЛЫС ӘКІМІ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

1 503

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Orda Glass Ltd» ЖШС шыны зауытының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2022 жылдың қазан айында ашылған зауыт табақша шыны шығарумен айналысады. Жоба құны – 42,1 млрд. теңге, кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна. Мұнда 370 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Зауыт іске қосылғаннан бері құны 23,9 млрд. теңге болатын 19 млн. шаршы метр шыны өндірілді. Оның 70%-ы ел ішінде сатылды, 30%-ы Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға және Тәжікстанға экспортталды.

Аймақ басшысы зауыт жанынан жаңа өндірістер ашу мәселесін пысықтап, өңірге инвесторлар тарту бойынша кешенді шараларды қолға алуды тапсырды.

Қызылорда облысында өндірісте жаңа технологияларды қолданатын және де өнімі экспортқа бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, 

Облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында Қызылорда қаласында салынып жатқан шыны зауыты заманауи технологиялармен жабдықталған әлемдегі үшінші зауыт болмақ. Әзірге мұндай зауыт тек Жапония мен Қытайда бар. Сондықтан бұл зауытты аталған өндіріс саласында әлеуеті жоғары Финляндия, АҚШ, Бельгия және Италияның компаниялары жабдықтайды.


Соңғы үш жылда жұмысы қайта жанданған "Шалқия" кенішін игеруде де тиімділігі жоғары жаңа технология пайдаланылады. Кәсіпорында руда тік конвейерлі инновациялық әдіспен өндіріледі. Әлемнің жетекші елдерінің мырыш-қорғасын өндіретін энергоүнемді жаңа технологияларын қолдану арқылы межеленген экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл жерде игерілетін руда терең өңделеді және қажетті металдың үлесі де айтарлықтай артады.


Сонымен қатар, өндіріс барысында неміс технологиясын қолданатын үй құрылысы комбинаты іске қосылды. Вейлер неміс компаниясының құрал-жабдығымен жабдықталған, "РМЗ-Шапағат" ЖШС-ның үй құрылысы комбинаты бүгінгі заман сұранысына сай бірегей жоба десек болады.


Индустрияландыру бағдарламасы аясында "Арал Тұз" ас және техникалық тұз өндіретін екі испан цехын іске қосты. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін екі есеге арттыруға, 1200-ден астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуға береді.